Accessibility links

Ресейлік азаматтық белсендіні түнде үйінде соққыға жықты


Ресейдің Воронеж қаласында наразылық акциясында тұрған адамдар. (Көрнекі сурет.)
Ресейдің Воронеж қаласында наразылық акциясында тұрған адамдар. (Көрнекі сурет.)

Жексенбіге қараған түні Ресейдің Воронеж қаласында белгісіз үш адам жергілікті азаматтық белсенді Станислав Егоровтың үйіне баса-көктеп кіріп, оны спорттық таяқпен ұрып-соққан. Бұл туралы "ОВД-Инфо" сайтына бірнеше жері сынып, ауруханаға түскен Егоровтың өзі хабарлаған.

Оның сөзінше, белгісіз үшеу белсенді ұйықтап жатқанда оның үйінің есігін бұзып кірген. Егоров басынан және денесінің басқа тұсынан таяқпен ұрған сәтте оянған. Ол "ОВД-Инфо" сайтына шабуыл жасаған үшеуді танымайтынын айтқан.

Егоровтың пікірінше, бұл оның соңғы кезде тұрғын үй меншік иелері серіктестігі күрделі жөндеу жұмыстарын атқарған кезде жіберген кемшіліктерге қатысты атқарып жүрген қызметімен байланысты болуы мүмкін. Қазір Воронеждегі ауруханалардың бірінде жатқан белсенді өзіне шабуыл жасағандарды серіктестік жалдаған болуы ықтимал деген болжам айтады. Дәрігерлер оның мұрны, жақ сүйегі мен аяғы сынғанын анықтаған.

XS
SM
MD
LG