Accessibility links

Сақтандыру компаниясының үш қызметкері сотталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Amanat Insurance сақтандыру компаниясының басқарма төрайымы Зәуре Сейітова, басқарушы директор Светлана Писарева мен Гүлжан Жәутікова сот шешімімен екі жарым жылға сотталды. Судья олардың мүлкін тәркілеу туралы да шешім шығарды.

Астанадағы Алматы аудандық сотының судьясы Нариман Бегалиев компания қызметкерлерін бес жылға түрмеге қамау туралы шешім шығарып, кейін олардың жазасын рақымшылық заңына сай екі есе азайтты.

Amanat Insurance сақтандыру компаниясының бұрынғы үш қызметкеріне "жалған құжат жасау арқылы компания қаржысын жымқырды" деген айып тағылған.

XS
SM
MD
LG