Accessibility links

Ресейлік атлеттер әлем чемпионатына жеке спортшы ретінде қатысады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығы (IAAF) 19 ресейлік спортшыға 5-13 тамызда Лондонда өтетін әлем чемпионатына қатысуға рұқсат берді. Ресейлік атлеттер әлемдік жарысқа бейтарап ту астында, жеке спортшы ретінде қатысады. Бұл туралы Associated Press ақпарат агенттігі хабарлады.

IAAF hесейлік 100 атлеттің әлем чемпионатына бейтарап спортшы ретінде қатысу өтінішін кері қайтарған.

Өткен жылы шілдеден бастап IAAF ресейлік жеңіл атлеттердің әлемдік жарыстарға қатысуына шектеу қойған. Бүкіләлемдік антидопинг агенттігінің (WADA) тәуелсіз комиссиясы тексеру жүргізіп, Ресей жеңіл атлеттері бірнеше жыл допинг қолданып келген деп айыптаған.

Биыл 1 наурызда 2019 жылы Краснодарда өтетін универсиаданың дайындығына арналған жиында Ресей президенті Владимир Путин "елдегі антидопинг жүйесі күйреді" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG