Accessibility links

СІМ: Египетте жоғалған алты қазақстандықты іздеу жалғасып жатыр


Египетте жоғалып кеткен қазақстандық студенттер Қанат Берік (оң жақта) және Еламан Жазылхан. (Фото әлеуметтік желіден алынды).
Египетте жоғалып кеткен қазақстандық студенттер Қанат Берік (оң жақта) және Еламан Жазылхан. (Фото әлеуметтік желіден алынды).

Египетте жоғалып кеткен алты қазақстандықты іздеу әлі жалғасып жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.

"Қазір Египет ішкі істер министрлігінен ресми жауап күтіп отырмыз. Жоғалған жігіттер 1993-95 жылы туған. Төртеуі Египетте жыл басынан бері тіл курсында оқып жүрген. Олар Египетке араб тілін оқуға кеткен" дейді Жайнақов.

Жайнақов "қазақстандықтардың Сирияға кетіп қалуы мүмкін бе?" деген сауалына "барлық нұсқаны қарастырып, тексеріп жатырмыз" деп жауап берді.

Египетте жоғалған екі қазақстандық Қанат Берік пен Еламан Жазылхан Алматыдағы Абылайхан атындағы шет тілдер және халықаралық қатынастар университетінде магистратурада оқыған.

Египетте бірге пәтер жалдап тұрып жатқан қазақстандықтар 20 шілдеден бері байланысқа шықпаған.

XS
SM
MD
LG