Accessibility links

Олимпиада чемпионы Рыпакова Лондондағы әлем чемпионатына қатысады


Ольга Рыпакова.
Ольга Рыпакова.

5-13 тамызда Лондонда (Ұлыбритания) өтетін жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына Қазақстаннан сегіз спортшы қатысады. Бұл туралы Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы хабарлады.

Әлем чемпионатына қатысатындардың қатарында үш қарғып секіруден Лондон олимпиадасының чемпионы, Рио олимпиадасының қола жүлдегері Ольга Рыпакова бар.

Сондай-ақ 100 және 200 метрге жүгіруден Азия чемпионы Виктория Зябкина, үш қарғып секіруде биылғы Азия чемпионатының алтын жүлдегері Мария Овчинникова, марафоннан Елена Наназиашвили де Лондонға барады. Полина Репина, Регина Рыкова, Диана Айдосова, Георгий Шейко спорттық жүрістен жүлдеге таласады.

2015 жылы Пекинде өткен әлем чемпионатына Қазақстаннан он спортшы қатысқан. Олардың ішінен Ольга Рыпакова үш қарғып секіру секторында қола медаль алған.

XS
SM
MD
LG