Accessibility links

СІМ: Египетте хабарсыз кеткен қазақстандықтарды полиция ұстаған


Қанат Берік (оң жақта) және Еламан Жазылхан. (Фото әлеуметтік желіден алынды).
Қанат Берік (оң жақта) және Еламан Жазылхан. (Фото әлеуметтік желіден алынды).

Египетте хабарсыз кеткен алты қазақстандықты жергілікті құқық қорғау органдары ұстап әкеткен. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

"Алты қазақстандық қазір Египет территориясында. Олардың өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ. Қазақстанның Египеттегі елшілігі олардың ұсталу себебін анықтап жатыр. Жақын уақытта елші Египет ішкі істер вице-министрімен кездеседі" деді сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

Египетте бірге пәтер жалдап тұрып жатқан қазақстандықтар 20 шілдеден бері байланысқа шықпаған. Олар бұл елге араб тілін оқуға кеткен. Хабарсыз кеткендердің екеуі Қанат Берік пен Еламан Жазылхан Алматыдағы Абылайхан атындағы шет тілдер және халықаралық қатынастар университетінде магистратурада оқыған.

XS
SM
MD
LG