Accessibility links

Ақтөбе логотипін жасауға 3 млн теңге жұмсалған


Ақтөбе облысы логотипін таныстыру сәті. 26 шілде 2017 жыл.
Ақтөбе облысы логотипін таныстыру сәті. 26 шілде 2017 жыл.

Бүгін облыстық әкімдікте Ақтөбе облысының логотипі таныстырылды. Әкімдік қала логотипін жасауға үш миллион теңге жұмсаған. Әкімдік логотипті "өңірдің имидждік тартымдылығы мен танымалдығын арттыруға, инвесторлар мен туристерді тартуға" қолданылмақ.

- Ақтөбенің логотипін анықтамас бұрын екі мың тұрғын қатысқан сауалнама жүргізілді. Облыс әкімдігінің сайтында үздік нұсқаларға 1250 тұрғын дауыс берді. Дауыс беру нәтижесінде 45 үздік нұсқа таңдалған болатын. Арнайы құрылған сарапшылар кеңесі осы нұсқаны қолдады, - дейді сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы Рауан Кенжеxанұлы.

Бүгінгі жиында "Ақтөбе-құтты мекен" деген облыс ұраны (слоганы) бекітілгені де белгілі болды. Ақтөбе облысында сегіз жүз мыңнан астам халық тұрады.

XS
SM
MD
LG