Accessibility links

Қарағанды: аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды


Көрнекі сурет.

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің орынабсары 1,5 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро хабарлады.

"25 шілде ұлттық бюроның Қарағанды облысындағы департаменті Абай ауданы әкімінің орынбасары Д.Ж. Сүлейменовты 1,5 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұстады. Ұлттық бюроның дерегінше, әкім орынбасары жеке компаниядан "Өңірлерді дамыту 2020" бағдарламасы бойынша құрылыс жұмыстарын орындау актісіне қол қою үшін ақша алған.

Әкім орынбасары қамауға алынды. 24 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы тексеру комиссиясының екі қызметкері жеті миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұсталған. 25 шілдеде Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының қызметкері мен Абай аудандық ішкі істер департаментінің тергеушісі екі миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталғаны хабарланды.

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00
XS
SM
MD
LG