Accessibility links

БАҚ: Пхеньян кезекті ракеталық сынаққа дайындалып жатыр


Солтүстік Кореяның құрлықаралық ракеталарының бірі.
Солтүстік Кореяның құрлықаралық ракеталарының бірі.

Солтүстік Корея кезекті ракеталық сынақ дайындап жатыр. Бұл туралы АҚШ әкімшілігінің өкілі Reuters ақпарат агенттігіне айтқан. Әкімшілік өкілінің айтуынша, Солтүстік Корея құрлықаралық ракетаны Кусон қаласындағы полигонға жеткізген.

The New York Times газетінің жазуынша, Пхеньян АҚШ-қа жететін ракеталарды келер жылы дайындап шығуы мүмкін. 4 шілдеде Солтүстік Корея өзінің алғашқы құрлықаралық баллистикалық ракеткасын сынақтан өткізген. Америкалық сарапшылардың пайымдауынша, Пхеньян Аляска және Гавайи аралдарына жететін ракета құрастырып шығарған.

АҚШ Пхеньянның бұл әрекеттерін сынап, БҰҰ-ға резолюция жіберген. Бірақ бұл шағымды Ресей қоламаған.

XS
SM
MD
LG