Accessibility links

Трамп Таяу Шығыстағы дағдарысқа Иран мен "Хезболлах" тобын кінәлады


Дональд Трамп.
Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп "Иран мен "Хезболлах" ұйымы Таяу Шығыс пен Сирияда гуманитарлық дағдарыс туғызып, аймақтағы тыныштықты бұзды" деп айыптады. Ол бұл мәлімдемесін 25 шілдеде Ливан премьер-министрі Саад Харриримен кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында жасады.

"Хезболлах Ливан жері мен халқына қауіп төндірді. Бұл топ өзінің әскери күшін көбейтіп, Израильмен кезекті қақтығысқа дайындалып жатыр. Бұл ұйым Иранмен бірігіп, Сириядағы гуманитарлық дағдарыс жасап жатыр. Хезболланың демеушісі - Иран" деді Трамп.

XS
SM
MD
LG