Accessibility links

"Астана" өз алаңында польшалық команданы жеңді


"Астана" футбол командасының ойыншылары.
"Астана" футбол командасының ойыншылары.

Футболдан "Астана" командасы Чемпиондар лигасы іріктеуі кезеңінің бірінші матчында польшалық "Легия" командасын 3:1 есебімен жеңді.

Астанада өткен ойының 36-минутында "Астананың" конголық легионері Жуниор Кабананга есеп ашса, 44-минутта белоруссиялық футболшы Иван Маевский есепті 2:0-ге жеткізді. Ал "Легия" сапынан 79-минутта Армандо Садику есепті қысқартқан - 2:1. Ойын аяқталар тұста "Астана" құрамындағы ганалық футболшы Патрик Твумаси үшінші голды салды.

Қарымта ойын 2 тамызда Варшавада өтеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Чемпиондар лигасы іріктеу жарысының плей-офф кезеңіне шығады.

XS
SM
MD
LG