Accessibility links

Украина Саакашвилиді азаматтықтан айырды


Михаил Саакашвили.
Михаил Саакашвили.

Украина президенті Петр Порошенко Грузияның экс-президенті, Одессаның бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвилиді Украина азаматтығынан айыру туралы бұйрыққа қол қойды.

Бұл туралы Украинаның мемлекеттік миграция қызметінің ресми сайты хабарлады. Миграция қызметінің мәлімдеуінше, "Саакашвили Украина азаматтығын аларда жалған ақпарат берген. Ол Украина не басқа аймақта тергеуде жоқ екенін айтқан. Кейін Саакашвилидің Грузияда сырттай қамауға алынғаны белгілі болған".

Саакашвилиді азаматтықтан айыруды Бас прокуратурадан Жоғарғы Рада депутаты Андрей Лозовой сұраған. Ал прокуратура бұл шағымды миграциялық қызметке жіберген.

Михаил Саакашвили 2016 жылы губернаторлық қызметтен кеткен соң Порошенко оны Украина азаматтығынан айырылуы мүмкін екенін айтқан. 2015 жылы Грузия Саакашвилиді азаматтықтан айырды. Оның әйелі Сандра Рулофс - Голландия азаматы.

XS
SM
MD
LG