Accessibility links

Тәжікстанда "артық салмақтан" арылған ондаған полиция қайта жұмысқа алынды


Тәжікстан полициясы.
Тәжікстан полициясы.

Тәжікстан ішкі істер министрлігі артық салмаққа байланысты жұмыстан қуылған 13 полицейді қызметке қайта алды. Мамырда министрлік салмағы артық 20 полиция қызметкерін жұмыстан шығарған. 100 полиция ескерту алып, министрлік оларға артықтауға уақыт берген

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Умарджони Эмомали 26 шілдеде Азаттықтың тәжік қызметіне "13 қызметкер арықтап, қайта жұмысқа қабылданғанын" айтқан. Министрлік өкілінің айтуынша, қалған жеті қызметкер салмақ тастаса қайта қызметке алынады.

Тәжікстанда қабылданған қаулыға сай құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің бойы 168 см кем болмауы тиіс. Ал салмағы 75 килограмнан аспауы керек.

XS
SM
MD
LG