Accessibility links

Кабулов: "ИМ" ҰҚК елдеріне қауіп төндірсе Мәскеу әскери күш қолданады


Замир Кабулов.
Замир Кабулов.

Ауғанстандағы "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесіне мүше елдерге қауіп төндірсе ғана Мәскеу оларға қарсы әскери күш қолданады. Бұл туралы Азаттықтың өзбек қызметіне Ресей президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабулов мәлімдеді.

Кабуловтың айтуынша, "ИМ" Ауғанстанда күшейіп барады. Бұл Орталық Азияда тұрақсыздық тудыруы мүмкін". Дипломаттың мәлімдеуінше, Мәскеу "Ислам мемлекеті" Ауғанстанның солтүстігінде, ҰҚК мүшелерімен шектесетін аймақта күш алып бара жатқанын Кабулға бірнеше рет ескерткен.

Осыған дейін әлемдік басылымдар Ирак пен Сириядағы "жиһадшылар" Ауғанстанға қашып, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстанмен шектесетін аймақтарына қоныстана бастағанын жазған.

XS
SM
MD
LG