Accessibility links

Super.kg: Атамбаевқа сұрақ қойған журналист еңбек демалысында жүр


Алмазбек Атамбаев.
Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстандың super.kg сайты журналист Автандил Добулбеков еңбек демалысында деп мәлімдеді.

Добулбеков 24 шілдеде Шолпан Атада өткен Алмазбек Атамбаевтың баспасөз мәслихатында президенттен "қырғыз халқын неге жиі сынайсыз?" деген сарында сұрақ қойған. Атамбаев журналиске "сөзімді бұрамалама, сөзді бұзған адам елді бұзады" деп наразы түрде жауап берген.

Осы оқиғадан кейін Добулбеков әлеуметтік желіде жұмыстан кеткенін жазған. Бүгін журналист жұмыс істеген super.kg сайты "Добулбеков еңбек демалысында жүр. Оны жұмыстан шығару туралы сөз болған жоқ. Біз онымен хабарластық, бұл мәселе шешілді" деп жауап берді.

XS
SM
MD
LG