Accessibility links

АҚШ зымыран бағдарламасы үшін Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізді


Иранның баллистикалық зымыраны. (Көрнекі сурет.)
Иранның баллистикалық зымыраны. (Көрнекі сурет.)

АҚШ қаржы министрлігі Иранның зымыран бағдарламасын дамытуына жауап ретінде бұл елге қатысты жаңа санкциялар енгізді.

Бұл шектеулер сұйық отынмен ұшатын баллистикалық зымырандар өндірісінде "негізгі роль" атқаратын ирандық Shahid Hemmat Industrial Group компаниясының алты филиалына қарсы салынды. Енді олардың АҚШ-тағы қаржылай активтері бұғатталып, америкалық азаматтарға бұл компаниялармен қандай да бір мәміле жасасуға немесе келісім-шартқа отыруына тыйым салынды.

АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучиннің сөзінше, бұл санкциялар "Иранның арандатушы іс-әрекеттеріне", соның ішінде шілденің 27-і күні ғарыштық зымыран-тасығышын ұшырғаны және Сауд Арабиясын зымыраннан атқылаған Йемендегі хутси көтерілісшілеріне қолдау танытқанына байланысты енгізілген.

XS
SM
MD
LG