Accessibility links

Азаттық мақаласы арқау болған фильм "Евразия" кинофестивалі Гран-приін иеленді


"Оралман" фильмінің афишасы. Тегеран, 2017 жылдың сәуірі.

Азаттық сайтындағы мақала желісі бойынша қазақстандық режиссер Сәбит Құрманбеков түсірген "Оралман" толықметражды көркем фильміне Астанада өткен ХІІІ халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің Гран-при жүлдесі берілді.

Фильм авторларына жүлдені жұма күні кешке қазылар алқасының төрағасы Сүлейман Сиссе мен халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің президенті Айман Мұсақожаева табыс етті.

Фильмде Ауғанстаннан Қазақстанға келген оралман отбасының тағдыры мен оралманның психологиясы, жергілікті халықтың оралмандарға деген көзқарасы көтерілген.

"Оралман" фильмі биылғы сәуір айында Иранда өткен халықаралық "Фаджр" кинофестивалінде "Азияның үздік фильмі" жүлдесін иеленген.

Фильм режиссері Сәбит Құрманбек былтыр Алматыда фильмді журналистерге жабық көрсеткеннен кейін оралмандар жайлы кино түсіруге Азаттық сайтындағы Ауғанстанда ата-анасы совет билігінен қашқан, тек жарты ғасырдан соң тарихи отанына оралған этникалық қазақ - "Уәли командир" туралы мақала түрткі болғанын айтқан еді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG