Accessibility links

Саакашвили: ешкімнен саяси баспана сұрамаймын


Михаил Саакашвили.
Михаил Саакашвили.

Грузияның экс-президенті, Украинадағы Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили өзін Украина азаматымын деп санайды.

Грузияның «Рустави-2» телеарнасына сенбі күні берген сұхбатында ол ешбір елден саяси баспана немесе азаматтық сұрамайтыны туралы мәлімдеген. Саакашвили өзін Украина азаматтығынан айыру туралы шешімді заңсыз деп атаған және өз құқығын қорғап, күресетінін айтқан.

Шлденің 26-сы күні Украина президенті Петр Порошенко Саакашвилиді Украина азаматтығынан айыру туралы жарлық шығарған. Киевтің мәлімдеуінше, бұған «Саакашвили Украина азаматтығын алар кезде Грузияда сырттай тұтқынға алынғаны туралы ақпарат бола тұра ешқашан тергеуде болағаны туралы жалған мәлімет бергені» себеп болған.

Михаил Саакашвили украин азаматтығын 2015 жылы президент Порошенконың шешімімен Одесса облысы басшылығына тағайындалған кезде алған еді. 2016 жылы ол аймақтағы жемқорлықты ел президенті Порошенконың «өзі қолдап отырғандықтан», онымен күресу мүмкін емес деп мәлімдеп, губернатор қызметінен кеткен.

2013 жылға дейін Михаил Саакашвили Грузия президенті болған.

XS
SM
MD
LG