Accessibility links

АҚШ әскери ұшақтары Корей түбегінің үстінен ұшып өткен


АҚШ әуе күштерінің B-1B бомбалаушы ұшақтары. (Көрнекі сурет.)

Солтүстік Кореяның құрлықаралық баллистикалық зымыран сынағына жауап ретінде АҚШ-тың екі В-1 бомбалаушы ұшағы Корей түбегінің үстінен ұшып өткен. Бұл туралы АҚШ әскери әуе күштерінің жексенбі күні таратқан мәлімдемесінде айтылған деп хабарлайды Reuters.

Ақпаратқа сәйкес, Гуам әуе базасынан аспанға көтерілген америкалық ұшақтарға Жапония мен Оңтүстік Корея әскери ұшақтары ілескен.

АҚШ әскерилері ресми мәлімдемесінде В-1 ұшақтары Солтүстік Кореяның соңғы өткізген сынақтарына және шілденің 4-і күні "Хвансон-14" зымыранын ұшыруына жауап ретінде ұшып өткені айтылған.

Осының қарсаңында Пхеньян тағы өткізген құрлықаралық баллистикалық зымыран сынағы сәтті болғаны туралы мәлімдеме таратқан. Биліктің айтуынша, зымыран Америка құрлығына дейін жете алатынын көрсеткен. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын зымыран сынағын АҚШ-қа жасалған "қатаң ескерту" деп атаған.

Жапония қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Солтүстік Корея зымыраны 3,5 мың километрге дейін биікке көтеріліп, мың шақырымға жуық қашықтыққа 45 минуттай ұшқаннан кейін Окусири аралынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 150 километр маңда, Жапонияның теңіздегі экономикалық аймағына құлаған.

Шілденің 4-інде Солтүстік Корея "Хвансон-14" зымыраны сынағы сәтті өткені туралы хабарлаған. Зымыран 933 шақырым қашықтыққа 39 минутта жетіп, 2800 километр биіктікке көтерілген.

AzattyqTV

AzatNews 22.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:35 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG