Accessibility links

Германияда түнгі клубтағы атыс барысында екі адам оққа ұшқан


Атыс болған түнгі клуб жанында тұрған полиция қызметкері. Констанц, Германия, 30 шілде 2017 жыл.
Атыс болған түнгі клуб жанында тұрған полиция қызметкері. Констанц, Германия, 30 шілде 2017 жыл.

Германияның оңтүстігіндегі Констанц қаласындағы түнгі клубта болған атыста екі адам оққа ұшқан. Полицияның хабарлауынша, таңғы мезгілде болған қарулы оқиға салдарынан төрт адам зардап шеккен, олардың үшеуі ауыр жараланған.

Оқиға атысқа ұласып, полиция қызметкері жараланға, түнгі клубта оқ атқан адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген соң жан тәсілім еткен. DPA ақпарат агенттігі аты аталмаған полиция қызметкерінің "күдікті жалғыз әрекет еткен және бұл оқиғаның терактіге қатысы жоқ" деп санайтыны туралы сөзін келтірген.

Полиция әзірше аты-жөнін жария етпеген күдіктіні Констанцте біраз уақыттан бері тұратын, бұрын қылмыс жасаған 37 жастағы Ирак азаматы деп сипаттайды.

XS
SM
MD
LG