Accessibility links

Сеул Вашингтонға зымыран қуатын арттырғысы келетінін білдірді


Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин.
Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин.

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин сенбі күні елде тактикалық және жедел-тактикалық зымырандарға тойтарыс беруге арналған америкалық зымыранға қарсы кешенді (THAAD) орналастыруды тоқтата тұру туралы бұған дейін өзі шығарған шешімнің күшін жойды. Пекин Сеулдің бұл шешіміне наразылық білдірді. Жапония америкалық зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін сатып алу мүмкіндігін қарастыратыны туралы мәлімдеді.

Оңтүстік Корея президентінің үкіметі сонымен бірге сенбі күні АҚШ әкімшілігінен Солтүстік Корея тарапынан күшейіп отырған зымыран қатеріне қарсы тұру үшін Сеулге ұзақ қашықтыққа және үлкен әскери жүк алып ұшатын зымыран құрастыруға рұқсат сұрағаны туралы хабарлады. Бұған дейін жасалған екіжақты келісімге сәйкес, Корей түбегінде жаппай қарулануға жол бермеу мақсатында Сеулге зымыран қаруын дамытуына тыйым салынған.

АҚШ-тың соңғы төрт президенті – Билл Клинтон, кіші Джордж Буш, Барак Обама және Дональд Трамп Америка Солтүстік Корея тәрізді авантюралық режимнің қолында ядролық қарудың пайда болуына төзе алмайтыны туралы бірнеше рет мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG