Accessibility links

Таллин: Пенс Эстонияда зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жайын айтты


АҚШ вице-президенті Майк Пенс әйелі Карен Пенспен бірге Таллин әуежайына ұшып келген сәті. Эстония, 30 шілде 2017 жыл.
АҚШ вице-президенті Майк Пенс әйелі Карен Пенспен бірге Таллин әуежайына ұшып келген сәті. Эстония, 30 шілде 2017 жыл.

АҚШ вице-президенті Майк Пенс 30 шілдеде Эстонияда Patriot зымыран шабуылынан қорғаныс жүйесін орнату мүмкіндігі мәселесін қозғады деді Эстония премьер-министрі Юри Ратас. "Біз бүгін осы туралы сөйлестік, бірақ уақытын талқылаған жоқпыз" деді Юри Ратас Эстонияға барған Майк Пенспен келіссөзден соң мемлекеттік ERR телеарнасына берген сұхбатында.

АҚШ-тың Patriot қорғаныс жүйесі құрлықтан зымырандар мен әскери ұшақтарды қағып түсіретін жүйе саналады.

Ратас сонымен қатар тараптар келіссөз кезінде Ресейдің таяуда Эстониямен шекарасына жақын аумақта өткізетін әскери жаттығуы туралы да айтып, "Эстония да, АҚШ пен НАТО да оны жіті бақылап, ақпарат алмасып отыруы тиіс" деген.

Майк Пенс Эстония астанасы Таллинде Вашингтон Ресейдің көршілеріне қатысты пиғылдарына алаңдайтын Балтық бойы елдері мен Шығыс Еуропадағы басқа да одақтастарын қолдайтынын айтты. Пенс Эстониядан соң Грузияға, сосын Черногорияға барады.

XS
SM
MD
LG