Accessibility links

Вашингтон Ресейдегі АҚШ дипломаттары санының қысқаратынына қынжылады


Мәскеудегі АҚШ елшілігі алдында тұрған АҚШ пен Ресей тулары (Көрнекі сурет).
Мәскеудегі АҚШ елшілігі алдында тұрған АҚШ пен Ресей тулары (Көрнекі сурет).

АҚШ мемлекеттік департаменті Мәскеудің Ресейдегі америкалық дипломатиялық миссия қызметкерлерінің санын қысқарту туралы шешіміне қынжылатынын білдірді. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, мемлекеттік департамент таратқан мәлімдемеде Мәскеудің мұндай шешім қабылдауына негіз жоғы айтылған. Вашингтон шектеудің әсерін бағамдап, жауап шараларын дайындамақ.

Бірер күн бұрын Ресей президенті Владимир Путин АҚШ дипломатиялық миссиясының 755 қызметкері, оның ішінде АҚШ азаматтары мен ресейлік қызметкерлер де қысқартылатынын мәлімдеген. Миссия штатындағы қызметкерлер саны Ресейдің АҚШ-тағы дипломатиялық миссиясы штатының санымен тең - 455 адам болмақ

Ресей билігі 28 шілдедеАҚШ конгресінің Ресейге қарсы санкцияларды қатаңдату туралы заң жобасын мақұлдағанына жауап ретінде Ресейдегі америкалық миссия қызметкерлерін қысқартатынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG