Accessibility links

Шымкентте үш дағдарыс орталығы ашылды


49 жастағы баласынан зорлық-зомбылық көрген 72 жастағы ана. Шымкент, 25 сәуір 2017 жыл. Көрнекі сурет
49 жастағы баласынан зорлық-зомбылық көрген 72 жастағы ана. Шымкент, 25 сәуір 2017 жыл. Көрнекі сурет

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында отбасында зорлық-зомбылыққа ұшыраған тұрғындарға психологиялық, медициналық және әлеуметтік қолдау көрсететін үш дағдарыс орталығы ашылды.

Отбасында зорлық-зомбылық көрген шымкенттіктерге жәрдем беретін "Көмек" дағдарыс орталығын "Қорғау-Астана" қоры ашты. Тәулік бойы жұмыс істейтін "Медициналық-психологиялық оңалту орталығы" психобелсенді заттарды пайдаланатын азаматтарға көмек көрсетпек. Ал халыққа қызмет ету орталығының жанынан ашылған әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығында "теріс діни ағымдардан" зардап шеккен азаматтарға психологиялық қолдау көрсетіледі деп хабарланды.

Орталықтардың ашылуына қала тұрғындарымен бірге шенеуніктер, прокурорлар мен дәрігерлер қатысты. Үш орталық та бас прокуратураның "Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" жобасы аясында ашылды. Ресми мәліметке сәйкес былтыр Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті жүргізген әлеуметтік сауалнамаға қатысқан ОҚО әйелдерінің 21 пайызы отбасында зорлық-зомбылыққа ұшырағандарын айтқан.

XS
SM
MD
LG