Accessibility links

Алматыда жолақыны қолма-қол ақшамен төлеу бағасы қымбаттады


Амлатыдағы автобус аялдамаларының бірі (Көрнекі сурет).
Амлатыдағы автобус аялдамаларының бірі (Көрнекі сурет).

Алматыда бүгіннен бастап қоғамдық көлікте жолақыны қолма қол төлеу бағасы 150 теңгеге дейін көтерілді. Қала билігі жолақы бағасын қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда екі есеге жуық қымбаттату қызмет көрсету сапасын жақсарту, тұрғындарды автобус пен троллейбустарда жолақыны қолма-қол ақшасыз төлеу тәртібіне көшуге ықпал ету арқылы ашықтықты қамтамасыз ету қажеттігінен туындады деп түсіндіреді.

Жолақыны электронды картамен және арнайы нөмірге SMS жолдау арқылы төлеген жағдайда баға бұрынғыдай 80 теңге болып қалады. Метрода жүруге арналған жетон құны да 80 теңге көлемінде қалады.

Билік жыл соңына дейін жолаушылар тасымалы ережелерін бұзушыларды анықтау үшін "ауқымды рейдтер" жүргізілетінін айтады. "Алматы көлік холдингі" компаниясының хабарлауынша, тексеріс автобустарда, троллейбустарда, автовокзалдар мен үлкен аялдамаларда жүргізіледі. Билетсіз жүрген жолаушыларға екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде (4538 теңге) айыппұл салынады.

Алматыда бұған дейін қоғамдық көлікте жолақы 2012 жылы шілдеде 50 теңгеден 80 теңгеге дейін қымбаттаған.

XS
SM
MD
LG