Accessibility links

АҚШ сенаты FBI-дің жаңа басшысын тағайындауды мақұлдады


Кристофер Рэй, АҚШ Федералдық тергеу бюросының жаңа директоры.
Кристофер Рэй, АҚШ Федералдық тергеу бюросының жаңа директоры.

АҚШ конгресінің сенаты Кристофер Рэйді Федералдық тергеу бюросының (Federal Bureau of Investigation немесе FBI) директорлығына тағайындауды мақұлдады.

Бұл қызмет мамырдың басында АҚШ президенті Дональд Трамп FBI басшысы Джеймс Комиді күтпеген жерден орнынан алған соң босап қалған. Трамптың бұл шешімін кейбір сарапшылар Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына ықтимал килігуін тексеруді қиындатады деп сынаған.

Әділет министрлігінің бұрынғы жоғары шенді шенеунігі, 50 жастағы Кристофер Рэй сенаттағы тыңдау кезінде сенаторларға президентке адал болатыны туралы ешқашан ант бермейтінін және президент FBI жүргізіп жатқан тексеріс барысына ықпал етуге талпынса оған бағынудан бас тартатынын, я отставкаға кететінін айтты.

Рэй тыңдауда Ресейге қатысты тексеру туралы комментарий беруден бас тартты, бірақ Джеймс Комиге қолдау білдірді.

XS
SM
MD
LG