Accessibility links

Қырғызстанда "билікті басып алмақ болған" саясаткерлерге түрме жазасын сұрады


Бекболот Талғарбеков, "Халық парламенті" оппозициялық қозғалысының мүшесі.
Бекболот Талғарбеков, "Халық парламенті" оппозициялық қозғалысының мүшесі.

Қырғызстанда билікті күшпен басып алуға талпынды деген айыппен сотқа тартылған оппозициялық саясаткерлерге прокурор ұзақ мерзімдік түрме жазасын сұрады. Бекболот Талғарбеков, Торобай Колубаев, Марат Сұлтанов, Александр Гусев және Тойгонбек Калматовтың жақтастары 2 тамызда Азаттықтың Қырғыз редакциясына прокуратураның судьядан "Халық парламенті" оппозициялық қозғалысының жетекшілері мен белсенділерін 16 жылдан 18 жылға дейінгі мерзімдерге соттауды сұрағанын хабарлады.

Жабық түрде өтіп жатқан сот процесі соңына таяп қалды. 2 тамызда айыпталушылар сотта соңғы сөзін айтады. Сотталушылардың барлығы өткен жылдан бері қамауда отыр.

Тергеу ұйғарымынша, бес айыпталушы билікті Бішкекте 2016 жылы мамырда қарсылық акцияларын өткізу арқылы басып алмақ болған. Бірақ ол акциялар өтпеген. "Халық парламенті" қозғалысының кейбір мүшелері жоспарланған акцияға дейін, кейбірі бірнеше айдан соң ұсталған. Қозғалыс президент Алмазбек Атамбаевтың отставкаға кетуін талап еткен. Бекболот Талгарбеков өзін ресейлік генералдар қолдайтынын айтқан.

XS
SM
MD
LG