Accessibility links

Қазақстандық БАҚ 2 тамыз күні теңгенің 1 АҚШ долларына шаққандағы бағамы күрт құлдырап, 328-ден 343 теңгеге жеткенін хабарлады. Tengrinews.kz вебсайтының жазуынша, кейбір ақша айырбастау пункттері 1 АҚШ долларын 343 теңгеге сата бастаған. Ал сатып алу бағамы 337 теңгеге шыққан. KASE қор биржасындағы күндізгі сауда сессиясы аяқталғанда ресми бағам 335,72 болып тоқтаған.

Tengrinews.kz сайтына берген ресми комментариінде Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекова соңғы күндері шетелдік валюталарға шаққандағы теңге бағамының әлсірегенін растаған.

Молдабекованың сөзінше, мұнай бағасынан бөлек сауда әріптестерінің валюта курстары мен инфляция деңгейі сияқты бірнеше фактор теңге бағамына ықпал еткен. Ұлттық банк өкілі АҚШ-тың Ресейге салған жаңа санкцияларының теріс әсер ету ықтималдығы да теңгенің тұрақсыздығына әсер еткенін айтқан.

Қазақстанның ұлттық валютасы соңғы жылдары екі мәрте - 2014 жылғы ақпанда және 2015 жылғы тамызда девальвацияға ұшырап, 30 пайызға құнсызданған еді. Осыған байланысты ірі қалаларда әлеуметтік наразылық акциялары өткен болатын.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG