Accessibility links

Косово премьері: Пенс НАТО-ға қосылу ниетімізді қолдайды


Черногория астанасы Подгорицадағы Балтық бойы елдері басшыларының форумы. 2 тамыз 2017 жыл.

АҚШ вице-президенті Майк Пенс Косовның НАТО құрамына толыққанды қосылу жолындағы кедергілерді жоюға уәде берді деп хабарлады Косово президенті Хашим Тачи 2 тамызда Пенспен кездесуден соң. Пенстің Шығыс Еуропа елдеріне жасаған сапары 2 тамызда аяқталды.

Тачи Facebook-те Черногорияда Адриат хартиясына мүше елдер саммитінің аясында Пенспен "достық және конструктивтік ауандағы кездесу" болғанын жазды. Тачидің сөзінше, Пенс "экстремизм, радикалиим және терроризмнің кез-келген түрімен күресте АҚШ-тың ымырасыз одақтасы" болып қала беретінін айтты.

2 тамызда Пенс сонымен қатар Сербияның жаңа премьер-министрі Ана Брнабичпен де кездескен. Брнабичтің кеңсесі оның Сербияның Еуропа Одағына (ЕО) кіру мәселесінде Пенстің қолдауына ие болғысы келетінін мәлімдеді. Кездесу барысында Брнабич пен Пенс екі жақты қарым-қатынастар мен аймақтық тұрақтылықты талқылаған.

Пенс саммите Балқан түбегі елдерін ЕО және НАТО-қа қосылу мәселесінде алауыздыққа жол бермеуге шақырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG