Accessibility links

Экс-премьер Сариев Қырғызстан президенттігіне үміткер болып тіркелді


Темір Сариев, Қырғызстан президенттігіне кандидат, бұрынғы премьер-миинстр, "Ак Шумкар" партиясының жетекшісі.

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі, "Ак Шумкар" партиясының жетекшісі Темір Сариев президенттікке алғашқы үміткер болып тіркелді.

Сариев штабының хабарлауынша, саясаткер кепілге бір миллион сом (14 мың доллардан астам) қарды салып, қырғыз тілі бойынша емтихан тапсырған және өзін қолдайтын 30 мың адамның қолын жинаған.

Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді. Конституция бойынша, іс басындағы президент Алмазбек Атамбаев екінші мерзімге сайлауға түсе алмайды.

Қырғызстан президенті сайлауына үміткер болуға 59 адам өтініш беріп, кейін оның екеуі өтініштерін қайтарып алған. Үміткер болуға өтініш білдіргендер қатарында салмақты саясаткерлерден өзге бизнесмен зейнеткерлер, жұмыссыздар да бар. Президент сайлауына түсуден үміткерлер қатарында ақпан айынан бері коррупциялық қылмыс айыбымен қамауда отырған оппозициялық саясаткер Омурбек Текебаев та бар. Текебаев өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады, ал оның жақтастары саясаткерді кандидаттар тапсыратын қырғыз тілін тексеру сынағына жіберуді талап етеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG