Accessibility links

Мәскеуде "Новая газетаның" тілшісі Әли Ферузды қолдаған акция өтті


Худойберди Нурматов (бүркеншік есімі - Әли Феруз).
Худойберди Нурматов (бүркеншік есімі - Әли Феруз).

Мәскеу, Петербург, Вильнюс пен Берлинде "Новая газета" басылымының тілшісі, Ресейде қамауда отырған Худойберди Нурматовты (бүркеншік есімі Әли Феруз) қолдаған акциялар өтті. Акцияға қатысушылар тілшіні Өзбекстанға депортациялау шешіміне қарсылық білдірді. Мәскеуде Ресей президенті әкімшілігі ғимараты жанында төрт белсендіні полиция ұстады.

Ферузды қорғап, "Шекарасыз тілшілер", Amnesty International және Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымдары мәлімдеме жасады. Құқық қорғаушылар журналисті Өзбекстанда азаптауы мүмкіндігін ескертті. "Новоя газета" редакциясы Ферузды Еуропа Одағы елдерінің біріне шығару үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Ол үшін журналиске Қызыл Крест ұйымының төлқұжаты керек.

Ресейдің адам құқықтарын қорғау кеңесі Әли Ферузды депортациялау жөніндегі сот шешімі Ресей Конституциясына және Еуропаның Адам құқықтарын қорғау жөніндегі конвенциясына қайшы келеді деп атады. Кеңес журналист Ресей азаматтығын алғандықтан оны депортациялау конституцияның "Отбасын қорғау туралы" бабын бұзады дейді.

Кремльдің баспасөз хатшысы журналиске қатысты жағдайдан хабардар екенін, "миграциялық заң бұзылғанына көз жұма қарай алмайтынын" айтқан.

Әли Феруз (Худоберди Нурматов) өткен сейсенбі күні Мәскеуде "Новая газета" редакциясының ғимараты жанында ұсталды. Бір күн бұрын ол өзін депортациялау жөніндегі сот шешіміне қарсы апеллияциялық шағым түсіріп, саяси баспана сұраған. 1 тамызда Мәскеудің Басман соты журналисті Өзбекстанға депортациялау жөнінде шешім шығарған. Осыдан кейін ол өзіне қол жұмсамақшы болды. 2012 жылы Феруздың төлқұжатын ұрлап кеткен. Ол еліне барып, жаңа төлқұжат ала алмайды. Журналистің сөзінше, Өзбекстанда оған қарсы іс қозғалып, сотталуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG