Accessibility links

Ресейде су басқан шахтада қалған тоғыз адамды іздестіріп жатыр


"Алроса" тау-кен комбинатының апат болған шахтасы алдында тұрғын құтқарушылар. Мирный, Саха республикасы, Ресей, 4 тамыз 2017 жыл.
"Алроса" тау-кен комбинатының апат болған шахтасы алдында тұрғын құтқарушылар. Мирный, Саха республикасы, Ресей, 4 тамыз 2017 жыл.

Ресейдің Саха республикасындағы Мирный қаласында жартылай су алған алмас кеніші шахтасында қалған тоғыз адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Республика басшысы Егор Борисовтың мәлімдеуінше, шахтадағы су деңгейі көтерілмей, желдеткіш жүйесі мен электр қуаты желісі жұмыс істеп тұрғындақытан хабарсыз кеткендер тірідей табылады деген үміт бар. Оларды құтқару-іздестіру жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі.

Жұма күні Мирныйдағы "Алроса" тау-кен комбинатының алмас кенішіндегі шахтасын су басқан кезде онда 151 адам жұмыс істеп жатқан. Апаттан кейін жер бетіне шығарылған 142 адамның екеуі жеңіл жарақаттанғаны хабарланған. Мирныйда төтенше жағдай жарияланған.

Тергеу комитеті мен прокуратура тау-кен жұмыстары кезінде болған апат себебін анықтауға кіріскен. Болжам бойынша, апатқа қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп болуы ықтимал. Барлық тексерулер аяқталғанша "Алроса" тау-кен комбинаты директоры Михаил Лопатинский жұмыстан шеттетілген.

Аталған кеніште апта ішінде осымен екінші апат болды. Бұған дейін, шілденің 29-ы күні тау жынысы құлап, бір адам зардап шеккен. "Алроса" басшылығы бұған дейін бұл кеніш апатты өндіріс нысаны саналмай келгендігі туралы мәлімдеген. Алайда, соңғы сегіз жылда кеніште жер астында болған алты апаттың салдарынан екі адам қаза тауып, алты адам зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG