Accessibility links

АҚШ климат жайлы Париж келісімінен шығу процесін бастады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ ғаламдық климат жөніндегі Париж келісімінен шығу процесін бастады. АҚШ мемлекеттік департменті жұма күні БҰҰ-дағы америкалық делегация аталған ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерришке тиісті хатты табыс еткен туралы хабарлады.

АҚШ-тың Париж келісімінен шығу процесі екі жылдан аса уаытқа созылады.

Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, АҚШ ғаламдық жылынуға қарсы күресте ауаға зиянды газ бөлу көлемін шектеумен бірге экономикалық дамуды ынталандырып, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін "теңгерімді көзқарас" ұстанғанды жөн көреді.

АҚШ мемлекеттік департаменті маусымның 1-і күні өз елі Париж келісімінен шығатынын жариялаған кезде президент Дональд Трамптың Вашингтон бұл келісімге ерекше шартпен қайта қосылуға әзір екені туралы мәлімдегенін еске салды.

XS
SM
MD
LG