Accessibility links

Стамбулда Манас батырға ескерткіш қойылды


Manas in Istanbul
Manas in Istanbul

Түркияның Стамбул қаласында қырғыздың "Манас" эпосының кейіпкері Манас батырға ескерткіш ашылды. Бұл туралы аталған ескерткіш қою туралы бастама көтерушілердің бірі Темирлан Сарлыкбек уулу Азаттықтың Қырғыз қызметіне хабарлады.

Оның сөзінше, қырғыз мүсіншілері сегіз ай уақыт жұмсап, сомдап шығарған Манас ескерткіші Стамбулдың тарихи орындарының бірі – Халич ауданына орнатылған.

Қырғыздың "Манас" эпосы халықаралық ЮНЕСКО ұйымының материалдық емес әлемдік мәдени мұра тізіміне енгізілген. Бұған дейін 2012 жылы Мәскеу қаласында Манас батырға ескерткіш қойылған.

XS
SM
MD
LG