Accessibility links

Sunday Airlines Египетте қалған қазақстандықтарды елге жеткізуге уәде берді


Каир әуежайында. Египет, 19 мамыр 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)
Каир әуежайында. Египет, 19 мамыр 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Египеттен елге орала алмай отырған жүздеген қазақстандық туристі алып қайтуға Sunday Airlines әуе компаниясының ұшағы аттанғаны туралы Қазақпарат хабарлайды. Бұған дейін аталған компанияның бірнеше чартерлік әуе рейсінің ұшу уақыты өзгертілуіне байланысты 245 қазақстандық турист Египетте тамыздың 8-іне дейін қалуға мәжбүр болғаны туралы ақпарат тараған.

Сонымен бірге әуе компаниясының Алматы мен Астанадан Египетке жаңадан адамдар жеткізіп, шетелде демалған қазақстандықтарды елге жеткізуі тиіс болған әуе рейстерінің кестедегі уақытынан бөгелгені туралы хабарланған.

"Шарм-әл-Шейхтен жергілікті уақыт бойынша сағат 13.15-те ұшып шығады деп жариялады. Бұл 490 рейс Египеттен Алматыға кеше, тамыздың 5-і күні жергілікті уақытпен сағат 22.10-да ұшып шығуы тиіс болған", - деген EasyTravel туристік компаниясының жетекшісі Нұралхан Бисеновтің сөзін келтірген Қазақпарат.

Sunday Airlines әуе компаниясының чартерлік рейстерінің кестеден жаңылғанына үшінші күнге жалғасты. Туроператорлардың сөзінше, бұған әуе компаниясындағы ұшақтардың бірінің бұзылып қалғаны себеп болған.

XS
SM
MD
LG