Accessibility links

Қырғызстанда сайлау алдында үш партия бірікті


Қырғызстандық саясаткерлер Бақыт Торобаев (солдан оңға қарай), Адахан Мадумаров, Камчыбек Ташиев және Ахматбек Келдібеков.
Қырғызстандық саясаткерлер Бақыт Торобаев (солдан оңға қарай), Адахан Мадумаров, Камчыбек Ташиев және Ахматбек Келдібеков.

Қырғызстанда "Бутун Кыргызстан" партиясының жетекшісі Адахан Мадумаров, "Ата Журт Мекенчил" партиясының жетекшілері Ахматбек Келдибеков пен Камчыбек Ташиев және "Онугуу-Прогресс" партиясының жетекшісі Бақыт Торобаев бірігетіні туралы жариялады деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

"Онугуу-Прогресс" партиясы хатшылығының ақпараты бойынша, 6 тамызда үш саяси партияның жетекшілері жаңа саяси партия құрып, президенттікке ортақ кандидатты қолдайтыны туралы келісімге қол қойған.

Келісімде "Біз, саяси партиялардың жетекшілері, алдағы президент сайлауы жағдайындағы өз жауапкершілігімізді сезіне отырып және елде қалыптасқан саяси жағдайды назарға ала отырып халықтың бірлігін, саяси тұрақтылықты сақтау және әділ сайлау өткізу үшін күш біріктіру қажет деп ойлаймыз" делінген.

Саясаткерлер елдің тұтастығы мен егемендігін сақтау үшін жаңа саяси партия құруға шешім қабылдағанын мәлімдеді. Келісімде жаңа саяси партияның жетекшілері "барлық мүдделі күштермен ынтымақтастыққа дайын екені" айтылады.

Аталған саясаткерлердің барлығы бұған дейін Орталық сайлау комиссиясына президент сайлауына түсу ниеті бары туралы өтініш берген. Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді.

Адахан Мадумаров, Ахматбек Келдібеков және Камчыбек Ташиев өткен жылы альянс құратыны туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG