Accessibility links

АҚШ Эстонияға 150 десантшы жібереді


Тапа қаласының маңында әскери жаттығуға қатысып жатқан эстон сарбаздары. 22 мамыр 2017 жыл (Көрнекі сурет).

АҚШ Ресей мен Беларусьтің біріккен “Батыс-2017” әскери жаттығулары өтетін уақытта Эстонияға 150 десантшы жолдайды. Бір рота десантшы Эстонияға тамыздың соңына қарай жеткізіледі.

Ресей және Беларусь әскерлерінің біріккен әскери жаттығуы 14-20 қыркүйек аралығында өтеді. Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жаттығуға шамамен 13 мың әскери қызметкер қатысады.

Балтық елдері бұған дейін ресей-беларусь біріккен әскери жаттығуына алаңдаушылық білдірген. Олар Ресей осы жаттығуды сылтау етіп, Беларуське басқа операцияларға қажет қаруларын жеткізуі мүмкін деп қауіптенеді. НАТО "Батыс-2017" жаттығуын мұқият бақылайтынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG