Accessibility links

"Сатқындық" айыбымен сотталған екі ресейлік түрмеден шықты


Грузияның жікшіл Абхазия аймағында жүрген ресейлік сарбаздар (Көрнекі сурет).
Грузияның жікшіл Абхазия аймағында жүрген ресейлік сарбаздар (Көрнекі сурет).

"Мемлекетке сатқындық жасады" деген айыппен сотталып, шілденің соңында Ресей президенті Владимир Путин рақымшылық жасаған ресейлік Марина Джанджгава мен Анник Кесян 8 тамызда бостандыққа шықты.

Кесян мен Джанджгаваны Краснодар өлкелік соты 2008 жылы Грузиядағы таныстарына Абхазия жаққа қарай теміржолмен әскери техникалардың жөнелтілгені туралы хабарлаған. 2013 жылы Джанджгава 12 жылға, Кесян сегіз жылға сотталған.

Биыл сәуірде Владимир Путин Сочи қаласының өзге тұрғыны, "мемлекетке сатқындық жасау" айыбымен сотталған Оксана Севастидиге рақымшылық жасаған соң Джанджгава мен Кесян "Лефортово" тергеу абақтысына ауыстырылған болатын.

"Мемориал" құқық қорғау ұйымы Марина Джанджгава, Анник Кесян мен Оксана Севастидиді саяси тұтқын деп таныған.

XS
SM
MD
LG