Accessibility links

Қытайда зілзаладан бірнеше адам құрбан болды


Қытайлық құтқарушылар жер сілкінісінен қираған ғимарат астынан тірі қалғандарды іздеп жатыр. Сычуань провинциясы, 9 тамыз 2017 жыл.
Қытайлық құтқарушылар жер сілкінісінен қираған ғимарат астынан тірі қалғандарды іздеп жатыр. Сычуань провинциясы, 9 тамыз 2017 жыл.

Қытайдың оңтүстік-батысында шалғайдағы таулы аймақта болған күшті жер сілкінісінен тоғыз адам қаза тауып, 135 адам жараланды. Құрбандардың алтауы - туристер.

АҚШ Геологиялық қызметінің хабарлауынша, қуаты 6,5 магнитудаға жететін зілзала Сычуань провинциясының Гуаньюань қаласынан солтүстік-батысқа қарай 200 километр қашықтықта, халық аз қоныстанған аймақта болған. Зілзала ошағы туристер көп баратын Цзючжайгоу ұлттық паркіне де жақын болған.

Алғашқы зілзаладан соң 400-ден астам афтершок тіркелді. Бұдан бірнеше сағаттан кейін Қытайдың солтүстік-батысында, Қазақстанмен шекараға жақын аймақта екінші ірі жер сілкінісі тіркелді.

Сычуань провинциясының билігі зілзаладан кейін болған көшкіннен 100 турист зардап шеккенін хабарлады. Ресми Қытай ақпараттық қызметі құрбандар арасында алты турист барын хабарлады.

Ресми Xinhua агенттігінің хабарлауынша,зілзала аймағынан 31500 адам эвакуацияланған. Сычуань провинциясының өрт сөндіру қызметі жер сілкінісінен қонақүйдің қабылдау бөлімі орналасқан бөлігі қирап, бірнеше адамды басып қалғанын, бірақ қонақүйде болған 2800 адам қауіпсіз жерге шығарылғанын айтады.

Құрбан болған туристердің қай елдің азаматы екені туралы нақтыланған мәлімет түскен жоқ. Бірақ зілзала болған аймаққа шетелдіктерден гөрі қытайлық туристер жиі барады.

XS
SM
MD
LG