Accessibility links

Ташкент азаматтардың шетелге шығу визасын жоймақ


Өзбекстан билігінің шетелге баратын азаматтарға беретін шетелге шығу визасының үлгісі.

Өзбекстан үкіметі азаматтарға шетелге шығу үшін виза алуға міндеттейтін ережені жою жоспары барын хабарлады. Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің 8 тамызда таратқан мәлімдемесінде үкімет ведомстволары президенттің шетелге шығу визасынан бас тарту туралы жарлығының жобасымен келісіп жатқаны айтылған.

Қаңтар айында үкімет сайтында президент жарлығының жобасы жарияланған. Онда шетелге шыққысы келетін Өзбекстан азаматтарына сыртқа шығу визасын алуды міндеттейтін бұрынғы талапты жоятын норма да болған. Бірақ кейбір өзбек шенеуніктері қатаң басқарудағы Өзбекстанда сыртқа шығу визасы таяу уақытта жойылады деген үмітті басып тастаған.

Ресми мәліметке қарағанда, президент Шавкат Мирзияевтің тапсырмасына сай жоба бойынша, азаматтардың шетелге шығу визасынан бас тарту қарастырылған, сөйтіп шетелге шығу төлқұжатын кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған.

Совет кезеңінен қалған сыртқа шығу визасын алу талабы елден кеткісі келетін Өзбекстан азаматтары үшін үлкен кедергі болып отыр. Бұл талап сонымен қатар виза алу процесін жеделдету қызметін ұсынатын шенеуніктер үшін заңсыз табыс көзіне де айналған.

Шетелге шығу визасын алуды жоюды Өзбекстанды өткен жылы Ислам Каримов қайтыс болғаннан бері басқарып келе жатқан президент Шавкат Мирзияев ұсынған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG