Accessibility links

ОҚО-да бала өлімі көрсеткіші былтырғыдан азайған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында 131 бала қайтыс болды. Бұл туралы Азаттықа облыстық денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Инна Глазебная айтты.

Инна Глазебнаяның айтуынша, жаңа туған балалар қатарына 28 күнге дейін өмір сүрген балалар кіреді.

- Алғашқы жарты жылдықта жаңадан туған 131 бала, 1 жасқа дейінгі 422 бала қайтыс болды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда аз дейді бөлім басшысы.

Глазебнаяның сөзінше, көбіне бұл жастағы балалар жүрек ауруынан, әртүрлі инфекциялардан қайтыс болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында 2016 жылдың алғашқы жартысында жаңа туған 152 бала, 1 жасқа дейінгі 452 бала қайтыс болған. Ресми мәлімет бойынша, облыста жылына 80 мыңға жуық бала дүниеге келеді.

XS
SM
MD
LG