Accessibility links

Ресми органдардың сенім телефондары бірікпек


Дәурен Абаев, ақпарат және коммуникация миинстрі. Астана, 11 тамыз 2017 жыл.
Дәурен Абаев, ақпарат және коммуникация миинстрі. Астана, 11 тамыз 2017 жыл.

Қазақстандағы құзырлы органдарға тиесілі барлық сенім телефондары бір нөмірге біріктіріледі деп хабарлады 11 тамызда ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев айтты. Ол үшін қазіргі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына қарасты 1414 сенім телефоны таңдалады.

- Халыққа телефон алдында отырып, бас прокуратураның, ішкі істер істер министрлігінің сенім телефоны қандай еді деп отыру қажет емес. Елге 1414 деген бір ғана нөмір керек. Біз қазір соған барлық сенім телефондарын жинап жатырмыз. Мәселен, 1414 нөміріне қоңырау шалғанда оператор сұрағыңыз бойынша сізді бас прокуратура, ішкі істер, денсаулық немесе білім министрлігінің call-орталығына қосады, - деді министр.

Министрдің айтуынша, барлық мемлекеттік мекемелер бойынша сауалдарға жауап беретін сенім телефоны келер жылдан жұмыс істей бастайды.

Сонымен бірге, "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың сөзінше, 2018 жылдан бастап жұмысқа орналасу үшін қажетті анықтама қағазын алу жеңілдейді. Яғни, жұмыс беруші жұмысқа алатын қызметкерге қатысты барлық ақпаратты egov.kz порталынан алуына мүмкіндік туады. Ол үшін жұмысқа тұрғысы келген қызметкер өзі туралы ақпаратты басқа адамның қарауына SMS арқылы рұқсат береді.

- Бұл жүйені келесі жылдың бірінші тоқсанында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазір бізге келгендерге аталған қызмет жұмысын бастағанда қызмет көрсету орталығына келіп жүрмеулері үшін ЖСН тіркетіп, "электронды қолтаңба" алу керектігін айтып жатырмыз, - дейді Абылайхан Оспанов.

Корпорация өкілдерінің сөзінше, бұл өзгеріс халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кезекті қысқартады.

Реси мәлімет бойынша, биыл жарты жылда 1414 сенім телефонына 2,5 миллион адам қоңырау шалған.

XS
SM
MD
LG