Accessibility links

Әлемдегі ең кәрі ер адам дүниеден өтті


Исраэль Криштал.
Исраэль Криштал.

Израильде 113 жасында Исраэль Криштал қайтыс болды. Кезінде Холокост қырғынын басынан өткерген қарияны 2016 жылы әлемдегі ең кәрі ер адам деп жариялаған еді.

Польшада дүниеге келген Исраэль Криштал екінші дүниежүзілік осғысы жылдары Лодзь қаласындағы еврейлер геттосында болған, кейін нацистер құрған Аушвиц-Биркенау (Освенцим) концлагерінде азап шеккен. 1940-1945 жылдар аралығында бұл лагерьде ұлты еврей миллионнан астам адамды өлтірген. Олардың көпшілігін нацистер Еуропа елдерінен ұстап, концлагерьге қамаған.

Кришталдың әйелі мен екі баласы қаза тауып, өзі тірі қалған. Аушвиц-Биркенау лагерінен совет әскері азат еткен кезде Кришталдың салмағы небары 37 килограмм болған.

Соғыстан кейін ол Израильге қоныстанып, ғұмырының қалғаны бөлігін сонда өткізген.

XS
SM
MD
LG