Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 9:12 кезінде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 139 километр қашықтықта жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, 5 километр тереңдіктегі жер қабатында болған деп хабарланды. Жер сілкінісінің магнитудасы – 4.2, энергетикалық класы – 9.7.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.