Accessibility links

Буркина-Фасода шабуылдан 18 адам қаза тапты


Буркина Фасо астанасы Уагадугуда қаласында шабуыл жасалған түрік мейрамханасы жанында тұрған қауіпсіздік күштерінің сарбаздары. 14 тамыз 2017 жыл.

Буркина-Фасо астанасы Уагадугуда 14 тамызға қараған түні түрік мейрамханасына жасалған шабуылдан кемінде 18 адам қаза тапты.

Батыс Африкада орналасқан мемлекеттің билігі қаза тапқандар арасында бірнеше ұлт өкілдері барын, оның ішінде біреуі француз екенін мәлімдеді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, жиырма адам жараланған.

Көлікпен келген үш қарулы адам мейрамхана сыртында дастархан басында отырған адамдарға оқ атқан. Оқиға орнына полиция мен әскерилер барып, екі шабуылдаушының көзін жойған.

Буркина-Фасо билігі шабуылға "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының қатысы болуы мүмкін деп мәлімдеді.

2016 жылдың қаңтар айында Уагадугу көшесінде қонақ үйде 170 адам кепілдікке алынып, отызы қаза тапқан еді. Бұл кезде шабуылды "Әл-Қаида" ұйымы мойнына алған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG