Accessibility links

ФСБ: Мәскеуде теракт жасамақ болғандар ұсталды


ФСБ қызметкерлері Орталық Азия елдерінің бірінің азаматын Санкт-Петербургте теракт жасамақ болды деген күдікпен ұстап жатыр. Ресей, 28 шілде 2017 жыл.
ФСБ қызметкерлері Орталық Азия елдерінің бірінің азаматын Санкт-Петербургте теракт жасамақ болды деген күдікпен ұстап жатыр. Ресей, 28 шілде 2017 жыл.

"Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) Мәскеудегі сауда орталықтарының бірінде "теракт жасамақ болған" топтың ұсталғанын мәлімдеді" деп хабарлайды "Интерфакс".

Агенттік таратқан ақпаратқа қарағанда, төрт адам ұсталған. Сот Тәжікстанның үш азаматын екі айға қамаған. Олар жарылғыш заттарды дайындаған деген күдікке ілінген. Ұсталғандардың біреуі сотта кінәсін мойындаған. Тағы біреуі Ресей азаматы. Оның қамалғаны жөнінде әзірге мәлімет жоқ.

Арнайы қызмет ұсталғандардың ішінде "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының эмиссары және екі "жихадшы" бар дейді.

ФСБ осыған дейін де Ресейде және Санкт-Петербургте теракті жасамақ болған деген күдікпен бірнеше адам ұсталғанын хабарлаған. Сонымен бірге шілде айында Орталық Азиядан шыққан жеті адамның, 2016 жылдың қараша айында 10 адамның ұсталғаны жөнінде ақпарат таратқан.

XS
SM
MD
LG