Accessibility links

Ресей - Израильге кеткен репартианттар саны ең көп ел


Иерусалим көшесінде жүрген адамдар (Көрнекі сурет).
Иерусалим көшесінде жүрген адамдар (Көрнекі сурет).

Ресей соңғы бір жылда Израильге еврейлер ең көп қоныс аударған үш елдің алдына шықты. бұл жөнінде Израильдің қоршаған ортаны қорғау мәселелері, Иерусалим ісі жөніндегі министрі Зеэв Элькин мәлімдеді.

Министрдің сөзіне қарағанда, соңғы бес жылда үш ел - Франция, Украина және Ресейден еврейлер тарихи отанына көптеп орала бастаған. "Бірақ соңғы жылы Ресей алға шықты" деді Элькин "Интерфакс-Украина" агенттігіне берген сұхбатында. Ол еврейлер тарихи отанына көптеп кетіп жатқан төртінші ел АҚШ екенін айтады.

Украинада 2014 жылы ақпан және наурыз айларындағы оқиғалар мен Донбастағы соғыстан кейін Израильге қоныс аударған репатрианттар саны артып, қазір ол біршама азайған.

XS
SM
MD
LG