Accessibility links

БАҚ: Пхеньян зымыран қозғалтқышын өзі жасай алады


Солтүстік Кореяның соңғы жасаған баллистикалық зымыран сынағы туралы сюжет. 29 шілде 2017 жыл.
Солтүстік Кореяның соңғы жасаған баллистикалық зымыран сынағы туралы сюжет. 29 шілде 2017 жыл.

Reuters агенттігі АҚШ барлау қызметіндегі дереккөздеріне сілтеме жасап, Солтүстік Корея зымыран қозғалтқыштарын өзі жасай алатынын және Украинадан зымыран технологиясын импорттауды қажет етпейтінін хабарлады.

Таяуда Халықаралық стратегиялық зерттеулер институты Пхеньян соңғы сынаған баллистикалық зымырандарында қолданған қозғалтқыштарды Украина немесе Ресей зауыттарының "қара базарынан" алған болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Бірақ Украина Солтүстік Кореяға қандай да бір зымыран технологиясын бергенін жоққа шығарған.

New York Times газеті 14 тамызда АҚШ барлау қызметінің шенеуніктері Пхеньян зымыран қозғалтқыштарын Украинадағы қырғи-қабақ соғысы кезеңіндегі зауыттан алған болуы ықтимал деп ойлайтынын хабарлаған еді.

Reuters сөзін келтірген АҚШ барлау қызметі шенеуніктерінің бірі "Біз Солтүстік Корея импортқа тәуелді емес деп санаймыз. Керісінше, олар зымыран қозғалтқыштарын өздері жасауға шамасы жетеді деп ойлаймыз" деген.

ТАСС агенттігі де АҚШ барлау қызметінің шенеуніктері Солтүстік Корея зымыран қозғалтқыштарын өзі жасай алатынына сенімді екенін хабарлады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Хизер Науэр Украинаның "жаппай қырып-жою қаруларын таратпау міндетін бұлжытпай орындайтынын" айтып, Киевтің Пхеньянға зымыран технологиясын бергеніне күмән келтірді.

XS
SM
MD
LG