Accessibility links

Төлешовтің жерлері мен үйлері мемлекетке өтті


Тоқтар Төлешов сотта адвокаты Мархаба Жақыповамен сөйлесіп отыр. Шымкент, 13 шілде 2017 жыл.
Тоқтар Төлешов сотта адвокаты Мархаба Жақыповамен сөйлесіп отыр. Шымкент, 13 шілде 2017 жыл.

Шымкенттік бизнесмен, "мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенгені" үшін 21 жылға сотталған Тоқтар Төлешовтің жер телімдері мен коттедждері қала әкімдігінің балансына өтті деп хабарлады Азаттыққа Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Әйгерім Жұмағұлова.

Оның сөзінше, қала әкімдігінің балансына Тоқтар Төлешовтің иелігіндегі 12 объект, 8 жер телімі мен 4 коттедж өткен.

- Төрт коттедждің екеуі қалалық білім бөліміне берілді. Онда өнер мектебі ашылады. Біреуі сүріледі. Біреуін отбасы әлі босатқан жоқ. Жер телімдері Еңбекші ауданында орналасқан, "Жеңіс" саябағының маңында. Ол жерлердің орнына болашақта көп қабатты тұрғын үйлер салынады. Тоқтар Төлешовтің меншігіндегі "Фосфор" сарайына қатысты сот процесі әлі жүріп жатыр, - дейді Айгерім Жұмағұлова.

Сегіз жер телімі мен төрт коттеджге қатысты сот шешімі тамыз айының басында шыққан.

"Шымкент сыра" зауытының иесі болған кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылы қаңтардың 30-ында Шымкент қаласында тұтқындалған.

Бизнесменге "қылмыстық топ құрып, билікті басып алмақ болған" және "жер дауына қатысты митингілерді қаржыландырған" деген айыптар тағылған. Өткен жылғы қарашаның 7-сі күні Астананың мамандандырылған ауданаралық әскери соты Тоқтар Төлешовті 21 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге, дүние-мүлкін тәркілеуге, мемлекеттік марапаттарынан айыруға үкім кескен.

Биыл шілденің 13-і күні Шымкенттің Еңбекші аудандық сотында түрмеде отырған Төлешовтің және оның "сыбайластары" деп танылған сегіз адамның үстінен "салықтан жалтарған" және "пара берген" деген айыппен екінші сот процесі басталған.

ВИДЕО: Тоқтар Төлешовке шыққан сот үкімі (07.11.2016)

Тоқтар Төлешов 21 жылға сотталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:12 0:00

XS
SM
MD
LG