Accessibility links

"Шейх Халил" сегіз жылға сотталды


"Діни алауыздықты қоздырды" деген айыппен сегіз жылға сотталған Абдухалил Абдужаббаровты үкімнен соң сот айдауылы залдан әкетіп барады. Орал, 16 тамыз 2017 жыл.

Орал қалалық сотының судьясы Руслан Жұмағұлов 16 тамызда Абдухалил Абдужаббаровты "діни алауыздықты қоздырды" деп айыптап, сегіз жылға соттады.

Қазақстандағы мұсылмандар арасында "шейх Халил" деген атпен белгілі 42 жастағы Абдужаббаров Қылмыстық кодекстің 1997 жылғы ескі редакциясының 164-бабы 3-бөлімі ("Ауыр зардаптарға соқтырған әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру") бойынша айыпты деп танылды. Тергеу Абдухалил Абдужаббаров Атырау мен Оралдағы мұсылмандар арасында өзінің уағыздары арқылы діни экстремизм идеяларын таратты деп санайды.

Сот үкімі бойынша Абдужаббаров жазасын жалпы режимдегі колонияда өтемек.

Абдухалил Абдужаббаров сотта өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Сотталушының адвокаты мен туыстары сот үкіміне қатысты комментарий беруден бас тартты.

"Шейх Халил" сегіз жылға сотталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:20 0:00

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

AzattyqTV

Сәтпаев: "Билік транзиті басталып кеткен"
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:28 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG